Отырар ауданы, “Ергөбек” негізгі орта мектебі "Бүкіл әлемдік тазалық" күні (World Cleanup Day 2024) аясында сенбілік жұмысына атсалысты.
Тазалық сенбілік шарасы аясында мектеп аулаларында көше бойларында күл-қоқыстарын тазалап, ағаштар кесіліп тазалық жұмыстарын атқарды.
"Тазалық-табалдырықтан басталады" демекші әр біріміз ауламыздың, көшеміздің, ауылымыздың тазалығына үлес қосуға шақырамыз.
Отбасы күніне арналған апталық аясында “Шебер қолдар” үйірме жетекшісі Спаева Бақыткүл, үйірмеге қатысатын оқушылармен аналарын қатыстыра отырып, “Ана көрген тон пішер” тақырыбында сабақ өткізді. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткен сынып сағатында білім алушылар анасымен бірге түрлі қолөнер жасауды үйренді, Ас пісіру, моншақтан безендіру жұмыстарын жасады.
“ Ергөбек” негізгі орта мектебінің 1 - сынып жетекшісі Құдайбрегенова Мақпал “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жоспарына сай "Жүргіншілер қауіпсіздігі" атты қауіпсіздік сабағында балалар жолда жүру ережелерімен таныстырды. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы білді. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде,жолда жүру ережесін бұзбау керек екенін түсінді. Сонымен қатар бағдаршамның қызметімен де танысты. Жол белгілерін айыра білу , көше жағдайындағы жол кеңістікті бағдарлай білуді түсіндірді.
"Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде”Біртұтас тәрбие бағдарламасы” ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайтуда тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізу мақсатында 9 - сынып бойынша "Адалдық - асыл қасиет” тақырыбында әңгімелесу өткізілді. Ұйымдастырушы педагог Н. Садуахас пен тәлімгер Г, Байтасованың ұйымдастыруымен баяндама оқылып, сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ аясында слайдтар көрсетіліп, осы тақырыпта тәрбие орынбасары М. Бейсенгір оқушылармен ой бөлісті. Келешек жас ұрпақтың келеңсіз оқиғалардан аулақ болып тәрбиелі, саналы ұрпақ болып қалыптасуына атсалысайық...
АДАЛДЫҚ САҒАТЫ"
Түркістан облысы Қазығұрт аудандық біліміне қарасты Е.Тасанбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылында 10.09.2024 күні бірыңғай 5-11 сынып оқушыларына “Адалдық сағаттары"өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын-алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
“Ергөбек” негізгі орта мектебінде “Балаларды бірігіп қорғайық! тақырыбында ата- аналар жиыны болып өтті!
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасындағы жаңа жобаларды таныстыру,
Мектеп пен атан-ана арасындағы ынтымақтастық пее келісім шартымен таныстыру.
“Отбасындағы зорлық- зомбылыққа жол жоқ” тақырыбында баяндама оқылды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бейсенгір мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидаларымен таныстырды. Тәртіп пее біркелкі мектеп формасы оқу ортасының жақсаруына ықпал етеді және оқушылардың үлгерімін арттырады деп түсіндіріп өтті.
Түркістан облысы. Отырар ауданы «Ергөбек” негізгі орта мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жоспарына сай"Адалдық сағаты" іс-шарасы ұйымдастырылды. 1-9 сынып оқушылары арасында Адалдық- адамдықтың белгісі"аясында сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру арқылы,адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттері жоғары бағаланатын,жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға. болатынына сенімін қалыптастыру.Іс-шара барысында адалдық,достық туралы тәрбиелі әңгімелер айтылып, пікірталастар ұйымдастырылды.
“ Ергөбек” негізгі орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жоспарына сәйкес 5-9 сынып қыздары арасында жалпы қыздар жиналысы өткізілді. Қыздар жиналысына қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог, ұйымдастырушы педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты. Оқушыларға мектеп ережесі, әдеп, тәртіп, үлкенге құрмет көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
Президент сөзінің басында Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар.
Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген.Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.
– Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуды, ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жоюды, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсартуды, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалануды, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыруды, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуды, экологиялық ахуалды жақсартып, қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуді, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыруды, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруды көздейтін бірқатар бастаманы ортаға салды.Президент тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап өтті.
– Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады. Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы міндетті орындауға бар күш-жігерімді саламын. Сіздер де ортақ мақсатқа жету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
-----------------------
Глава государства выступил с Посланием народу Казахстана
Президент Касым-Жомарт Токаев на совместном заседании палат Парламента обнародовал Послание народу Казахстана «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм».
Глава государства в начале своего выступления отметил, что Парламентом страны принято 102 закона, в числе которых законы об общественном контроле, противодействии торговле людьми, науке и технологической политике, теплоэнергетике и другие. По его словам, огромное внимание было уделено социальным вопросам, в особенности защите детей.
Президент сообщил, что было предпринято немало системных шагов, нацеленных на повышение благополучия народа. Он подчеркнул, что довольствоваться достигнутым нельзя – впереди еще много работы.– Народ Казахстана сегодня живет в совершенно новой политической реальности. За последние пять лет реализованы масштабные реформы, через кардинальную трансформацию прошла политическая система. Фундаментальные изменения происходят в общественном сознании, повышается уровень правовой культуры граждан, в обществе формируются новые модели поведения и укореняются новые ценности. Началось обновление политической и общественной жизни, менталитета и культурного кода нации. Одним словом, идет строительство Справедливого Казахстана, и, что особенно важно, все это полностью соответствует чаяниям народа. Поэтому мы продолжим неуклонно следовать нашим стратегическим курсом и не свернем с намеченного пути, – заявил Касым-Жомарт Токаев.
Обращаясь к народу Казахстана, Глава государства выступил с рядом инициатив, направленных на дальнейшее социально-экономическое развитие страны, устранение дисбалансов между денежно-кредитной и фискальной политиками, улучшение инвестиционного климата и условий для ведения бизнеса, полноценного раскрытия промышленного потенциала, решение первоочередных инфраструктурных проблем, повышение кадрового потенциала страны, реализацию комплексных мер для укрепления здоровья нации и перезагрузки системы социальной поддержки граждан, улучшение экологической ситуации и культивирование бережного отношения к окружающей среде, кардинального повышения эффективности государственного управления, а также всемерного утверждения в обществе идеологии закона и порядка.Президент назвал главными задачами государства – обеспечение устойчивого социально-экономического прогресса, всестороннее раскрытие созидательного потенциала граждан и реальное повышение благосостояния народа.
– У нас есть четкое видение долгосрочных перспектив развития нашего государства. Для достижения поставленных высоких целей нам необходимо сохранять сплоченность, проявлять взаимную поддержку и уважение. Благодаря единству наш народ всегда достойно преодолевал различные вызовы. Так будет и впредь. Давайте вместе сделаем нашу Родину справедливым и развитым государством, в котором каждый может найти свое призвание и претворить мечты в реальность. У нас общая высокая миссия – построить для будущих поколений Справедливый Казахстан, государство равных возможностей для всех и каждого. Для этого как Глава государства я приложу все усилия. Уверен, и вы будете неустанно трудиться во имя общей цели, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.
