Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Жарқын болашаққа - терең тарих, еркін тіл”

Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек негізгі орта мектебінде 2024 жылғы 04-30 қараша арлығында “Парасат” тілдер бірлестігінің “Жарқын болашаққа - терең тарих, еркін тіл” атты айлық іс-шарасының ашылуы болып өтті. Шара барысында қатысушыларға айлық жоспары таныстырылды. Іс-шара барысында оқушылардың шағын концерттік бағдарламасына ұласты . 7- сынып оқушылары үш тілде «Менің Қазақстаным » әнімен сахна шымылдырығын ашты. 7- сынып оқушысы Матхан Бекарыс “Қазақ тілі” әнімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады .

Мұғалімдер мен оқушыларға арнап сұрақтар қойылды . Сұраққа дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар үлестірді.