Құрметті де аяулы ұстаздарым!
Сіздерге білім нәрін сеуіп, өмір жолында дұрыс бағыт-бағдар бергендеріңіз үшін шын жүректен мың алғыс!
Ұстаз – шәкіртінің жүрегіне білімнің шырағын жағып, болашағына жол ашатын аяулы жан. Сіздердің әрбір ақыл-кеңестеріңіз, мейірімдеріңіз бен төгілген маңдай терлеріңіз біз үшін өлшеусіз қымбат.
Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістігі мерейлеріңізді үстем етсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, көңілдеріңізге шаттық тілеймін. Ұстаздық жолдағы абыройларыңыз асқақтап, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!
Білім бергендеріңізге – мың алғыс!
Тәрбие бергендеріңізге – мың алғыс!
Болашаққа жол көрсеткендеріңізге – мың алғыс!
Ұстаздарым, сіздерге деген құрметім мен алғысым шексіз!
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!