Түркістан облысы, Отырар ауданы
12.11.2024 жылы “Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру мақсатында Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция подполковнигі Т.Меңлібаев келіп 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен жиын өтті. Жиында құқық бұзушылық, құмар ойын, суицидтің алдын алу,
жасөспірімдердің зиянды әдеттерден аулақ болу, денсаулық мәселесі, жасөспірімдер арасындағы буллинг, әлеуметтік желілер арқылы жасалатын кибербуллинг, лудомания, темекі-вейптер мен энергетикалық сусындардың зияны туралы айтты.