«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары мектеп пен көше бойларын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсат:
Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Барша ауыл тұрғындары мен жерлестерімізді, игі бастаманы қолдап, тазалық жұмыстарының ұйытқысы және жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз!
Тазалық - Біз бен Сізден басталады!