"Ергөбек" негізгі орта мектебінде 01- 24 қазан аралығында өтілетін «Спорт және өнер» бірлестігінің “Шығармашылық: қабілет, әуестік” тақырыбындағы айлықта технология пәнінің мұғалімі Спаева Бақыткул 11 қазан күні 8 сынып оқушыларына Шығармашылық тақырыпты орындау тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Шығармашылық жұмыс жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтерін пайдалану, материалдар мен құралдарды қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтау, онын маңыздылығын тусіндіру.
Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек” негізгі орта мектебінің “Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт” жобасы аясында “Өзің оқы, өзгеге ұсын М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің жолдаған челленджін кітапханашы Ж.Байысбаева қабылдап, 8-сынып оқушылар өздері оқыған Абай Құнанбаевтың шығармаларын өзгеге оқуға ұсынады. Оқушылар А.Құнанбаевтың өлеңдері мен қарасөздерін жатқа айтты. Челленджді Шеңгелді шағын жинақты білім беретін мектепке жолдаймыз.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» - демекші, 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай , “Ергөбек” негізгі орта мектептің 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара өтті. Педагог ұйымдастырушы Н.Садуахас ұйымдастыруымен өткен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шара барысында оқушылар ән айтып, жыр жолдарын жолдады.
Мақсаты: Баланы жастайынан үлкендерге, ата-аналарға құрметпен қарауға, егде жастағы адамдардың еңбегін ерекше құрметтеуге, аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен даналығын жастарға үлгі ету.
Қарттарымыздың бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен құттықтаймыз!
Түркістан облысы, Отырар аудандық білім бөліміне қарасты “Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-нің әлеуметтік педагог А.Жанзақова мен тәлімгер Г. Байтасова және мектептің Өзін өзі басқару ұйымының “Қамқорлық” фракциясының ұйымдастыруымен ардагерлеріміз Серік ата мен Зере апамызды мерекеге орай құттықтап, өнегелі әңгімелерін тыңдап қайтты.
Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек” негізгі орта мектебінің Спорт үйірме жетекшісі Зарлыханов Беріктің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында спорттық шара өтілді.
“Нашақорлық - қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Қазіргі таңда бұндай індет пен қоғам болып күресіп, жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бұндай шараның маңыздылығы ерекше. Бүгінде мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бөлігі жастарды жан-жақты қолдап, еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпаққа аса сенім артуда. Сондықтан да біз бұл дерттің өршуіне жол бермеу Салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырылатын шара болып өтті.
“Ергөбек” негізгі орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының жоспарына сәйкес “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында. 7-9 сынып қыздары арасында жалпы қыздар жиналысы өткізілді. Қыздар жиналысына сынып жетекшілер, педагог-психолог, ұйымдастырушы педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты. Оқушыларға мектеп ережесі, әдеп, тәртіп, үлкенге құрмет көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп медбикесі Ж, Сеңгірбекова “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында баяндама жасады.