“Инклюзия” игі істер апталығының іс-шара жоспарына сәйкес, 06 қарашада мектептің педагог-психологы, сынып жетекшілері және ата-аналармен, балалармен “ Ананың алақаны балаға айдынды қоныс” тақырыбында тренинг жүргізілді.
Тренинг мақсаты: Ата-аналармен балалар арасындағы байланысты нығайту болатын. Жүргізілген тренинг оқушылармен ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынастарының жақсаруына , өз сезімдерін, жылы тілектерін жеткізуге мүмкіндіктері болды. Жасалған әрбір жаттығулар ата-анамен бала үшін оң әсерлі болды.
“Инклюзия” игі істер апталығының іс-шара жоспарына сәйкес, 05 қарашада мектептің педагог-психологы, сынып жетекшілері және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Спорт күні” аталып өтті.
Спорт күнінің ұраны : “ Арманға бірге барайық” .
Өткізілген іс-шара ерекше балалардың физикалық белсендігінің артуына және командалық рухтарының дамуына ықпалы болды.
Отырар ауданы “Ергөбек негізгі орта мектеп» КММ де ” Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында 07.11.2024 жылы Отырар аудандық білім бөлімінің 04.11.2024 жылғы №41—10/1094 хаты негізінде "Қауіпсіз балалық шақ үшін " тақырыбында жиын өтілді. Жиын барысында кәмелетке жасы толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен ерте жүктілік, әлімжеттік оқиғалардың алдын-алу, әлеуметтік желілер мен жат ағымдардың арнайы сайтынан сақтану шаралары туралы кең көлемде түсіндірілді. "Жасөпірімдер арасындағы Буллинг және кибербуллингтің алдын алу" тақырыбында слайд көрсетілді. Мектеп директоры К. Алипбеков оқушыларға жалпы тәртіп пен тәрбие жөнінде ақыл кеңес беріп өтті.
Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек негізгі орта мектебінде 2024 жылғы 04-29 қараша аралығында “Парасат” тілдер бірлестігінің “Жарқын болашаққа - терең тарих, еркін тіл” атты айлық іс-шарасының жоспарына сай, орыс тілі пән мұғалімі Г. Қасымбекова 9- сыныпқа “А.С.Пушкин История создания повести Капитанская дочка” тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдалана отырып, сабақты қызықты өтті.
“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқитын 3 ә, 4 ә арнайы сыныптарға арналған “ Инклюзия” игі істер апталығының ашылуы болып өтті. Аталған іс шара 04-0811. 2024 жылғы күндері аралығында өтеді. 04 қараша күні “Шығармашылық күн” Ұраны: Әрбір адам, өз бақытының жаршысы.
“Инклюзия” игі істер апталығының іс шара жоспары мен мақсаты таныстырылды. Ерекше балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сурет салу, қолөнер жұмыстарын жасату, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек негізгі орта мектебінде 2024 жылғы 04-30 қараша арлығында “Парасат” тілдер бірлестігінің “Жарқын болашаққа - терең тарих, еркін тіл” атты айлық іс-шарасының ашылуы болып өтті. Шара барысында қатысушыларға айлық жоспары таныстырылды. Іс-шара барысында оқушылардың шағын концерттік бағдарламасына ұласты . 7- сынып оқушылары үш тілде «Менің Қазақстаным » әнімен сахна шымылдырығын ашты. 7- сынып оқушысы Матхан Бекарыс “Қазақ тілі” әнімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады .
Мұғалімдер мен оқушыларға арнап сұрақтар қойылды . Сұраққа дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар үлестірді.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА![]()
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары мектеп пен көше бойларын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсат:
Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Барша ауыл тұрғындары мен жерлестерімізді, игі бастаманы қолдап, тазалық жұмыстарының ұйытқысы және жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз!
Тазалық - Біз бен Сізден басталады!
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты «Ергөбек негізгі орта мектеп”коммуналдық мемлекеттік мекемесінде күзгі демалыс кезіндегі іс-шаралары жоспарына сәйкес 01.11.2024жыл күні 6- сынып жетекшісі Нысамамбетова Нұрсұлудың ұйымдастыруымен “Ұлттық фильм” күніне орай оқушыларға “Менің атым Қожа” фильмін көрсетті.
”Ергөбек” негізгі орта мектебінде оқушылардың күзгі демалыс күндері (28.10-01.11.2024 жыл аралығында) бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында күзгі іс- шара жасалған. Жоспарға сай “Балалар біздің болашағымыз”! тақырыбында ата- аналар жиыны болып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамалар оқылып, ата- аналармен сұхбат жүргізілді. Мектеп директоры К.Алипбеков бала тәрбиелеудегі өз пікірін білдірді.
28 қазан. Отырар ауданының білім бөліміне қарасты “Ергөбек” негізгі орта мектебінде оқушылардың күзгі демалыс күндері (28.10-04.11.2024 жыл аралығында) бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектепішілік атқарылатын іс-шаралар жоспары түзілді.
Мақсаты - күзгі каникул кезінде балалардың ұйымдасқан демалысына жағдай жасау, физикалық, рухани - адамгершілік, эмоционалдық денсаулықты нығайту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жоспарға сәйкес оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында ҚББП мен үйірме жетекшілер оқушыларымен “ Спорт - денсаулық кепілі” тақырыбында сайыс өтілді. 6 кезең бойынша сайысып, өнер көрсетті. Жылдамдық пен шапшандық танытқан қатысушылар жеңіске жетіп, марапатталды.
ҚББП: Ж. Полатова
Үйірме жетекшілер: Зарлыханов Берік
Тиметов Қанат