«Ергөбек негізгі орта мектеп» базасында «Шебер қолдар» қыздар үйірмесінің жетекшісі Б.Спаеваның ұйымдастыруымен «Он саусағы майысқан шебер болар ма екенбіз?» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және еңбекке баулу.
Іс-шараның барысы:
«Он саусағы майысқан шебер болар ма екенбіз?» тақырыбындағы іс-шара 7-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Шара барысында қазақ халқының қолөнерінің тарихы мен маңызы туралы мағлұмат берілді. Оқушылар қолөнерге байланысты мақал-мәтелдер айтып, өнер туралы ойларымен бөлісті.
Іс-шара аясында оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын таныстырып, олардың жасалу жолын түсіндірді.
“Ергөбек негізгі орта мектеп” мемлекеттік мекемесінде “ Жас мамандар” апталығы аясында үйірме жетекшісі Сейдазимова Мақпалдың ұйымдастыруымен «Менің кішкентай өнерім» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, өз таланты мен шеберлігін көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік беру.
Шара барысында оқушылар қолөнер бұйымдарын таныстырып, өз жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар, түрлі тапсырмалар, сұрақ-жауап кезеңі және шығармашылық сайыс ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің кішкентай болса да ерекше өнерлерін көрсете білді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор болды. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығы артып, шығармашылық белсенділігі байқалды.
Апталық аясында өткен бұл шара жас маманның ізденімпаздығын, жауапкершілігін және кәсіби шеберлігін көрсетті.
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі мектеп асханасына
бракераждық комиссияның мониторинг жүзеге асыру бойынша құрам мүшелері тексеру жұмысының жүргізілді .
13.02.2026 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №95 бұйрығы мен "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарына сәйкес 2025 жылдың 05 желтоқсан күні күні «Ергөбек негізгі орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі бракераждық комиссия құрамы мектеп асханасының санитарлық талаптарға сәйкес қызмет ету жұмысына мониторинг жүргізді.
Мақсаты: тағамның сапасына, пайдаланылатын ыдыс аяқтар, асханадағы санитарлық талаптардың орындалуы, қоймадағы азық- түліктердің дұрыс сақталуына қойылатын талаптардың орындалуын бақылау.
- Мониторинг барысында мектеп асханасының санитарлық жағдайын асхананың жалпы тазалығы, азық түлік сақтайтын қоймалар,азық- түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай, шикізаттың жеткілікті қолданылуы , дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азық дұрыс салынуымен дайын ас шығымы өз деңгейінде.
Мектеп асханасында «Бақылау асы » қойылған күнделікті және апталық ас мәзірі
салыстырмалы түрде тексеріліп отырылады.
Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыруы және қорытындысы бойынша:
«Ергөбек негізгі орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 127 оқушының атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларынан 1 оқушысы, 1-4 сынып аралығында 55 оқушысы және 5-9 сынып аралығында 11 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы асхананың жалпы тазалығы, азық түлік сақтайтын қоймалар, азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай, шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азық дұрыс салынуымен дайын ас шығымы өз деңгейінде.Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Мектеп асханасында «Бақылау асы » қойылған күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексеріліп отырылады.
"ДРОП» фильмі көрсетілді.
Түркістан облысы, Отырар ауданы
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-де 7-9 сынып оқушыларына «ДРОП» атты қысқа кадрлы құқықбұзушылыққа байланысты фильмі көрсетілді.
Аталған бейнематериалдарда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, жауапкершілік, таңдау еркіндігі мен оның салдары сияқты өзекті мәселелер қозғалды. Фильмдерді тамашалағаннан кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, өмірлік жағдайларды талқылап, дұрыс пен бұрысты ажырата білу, заңға бағынудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Шараның басты мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпке құрмет сезімін қалыптастыру, қоғамдағы әрбір әрекет үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіру. Осындай тәрбиелік бағыттағы кездесулер оқушылардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Түркістан облысы,
Отырар ауданы
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-нің 17.02.2026ж күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ақпан айы «Жасампаздық және жаңашылдық» айы бойынша оқушылар арасында «Буллинг, Кибербуллинг, Әлімжеттік», «Өз - өзіне қол жұмсау», «Құмар ойын», «Нашақорлық», «Алаяқтық» қылмысының алдын алудағы тақырыбындағы кездесу өтті.
Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:
1. «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық және нашақорлық, әлімжеттік іс-әрекетінің профилактикасы лудомания мен буллинг зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары туралы»
Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ-нің инспекторы полиция лейтенанты: Б.Қапалбайұлы
6-9 сынып оқушыларының қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық, “Буллинг пен кибербуллинг”, «Нашақорлық», «Алаяқтық» қылмысының алдын алудағы тақырыбындағы қысқаша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп бейне ролик көрсетіліп баяндама оқылды.
«Буллинг, Кибербуллинг, Әлімжеттік», тақырыбына келетін болсақ буллингтің басты ерекшелігі ол кездейсоқ бір реніш емес, қайталанатын, әдейі жасалатын қысым. Оның мақсаты жәбірленушіні қорқытып, өзіне бағындыру немесе төмендету. Қысқаша айтқанда, буллинг бұл қорқыту арқылы үстемдік жүргізу. Қазіргі уақытта бұл жаман індет жастардың ортасында әсіресе, мектеп оқушыларында белең алған.
Кибербуллинг адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпай қалатындығы жөнінде айта өтті.
Түркістан облысы, Отырар ауданы
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-нің мектеп психологы Жабатаева Маншүк “ Жеке бостандыққа құқық: зорлық - зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздері мен жауапкершілік” тақырыбында сынып сағатын өтті. Оқушыларға түсіндіру жұмысын жүргізіп, жаттығулар орындады.
«ХУЛИНГАНКА» және «КІТАП БЕТ БЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» тақырыбындағы фильмдер — ОЙҒА ЖОЛ АШАТЫН КИНОТАЛҚЫЛАУ
Мектебімізде 12 ақпан күні оқушыларға буллинг пен заңсыз әрекеттердің (закладчиктер мәселесі) алдын алу тақырыбында екі фильм көріп, мазмұнды талқылау өткізілді. Талқылау барысында сыни тұрғыдан ойлау элементтері қолданылып, оқушылар фильмнің негізгі идеясын терең түсінуге мүмкіндік алды.
Фильм кейіпкерлерінің әрекеттері, өмірлік таңдауы мен оның салдары жан-жақты талданып, әр оқушы өз көзқарасын білдірді.
Оқушылар буллингтің психологиялық зардаптары мен заңсыз әрекеттердің құқықтық жауапкершілігі туралы ой қозғап, нақты мысалдар келтірді.
Ашық пікір алмасу барысында оқушылар өз ойларын дәлелдеуге, бірін-бірі тыңдауға және өзгенің пікірін құрметтеуге дағдыланды.
Киноталқылау жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды түсінуіне ықпал етті.
Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өскелең ұрпақтың саналы, заңға құрметпен қарайтын тұлға болып қалыптасуына бағытталған.
10 ақпан Халықаралық қауіпсіз интернет күні
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген сынып сағаттары
Түркістан облысы, Отырар ауданы "Ергөбек негізгі орта мектеп" КММ-де 9.02.2026 жылы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде барлық сыныптарда жоспарлы түрде сынып сағаттары өткізілді.
1–4 сыныптарда
«Телефон емес – достармен ойна» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты – оқушыларды қажетке тәуелділіктен сақтап, тірі қарым-қатынасқа, достыққа, бірлескен ойын арқылы дамуға баулу.
Міндеттері – балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, бос уақытты тиімді өткізуге үйрету.
5–8 сыныптарда
«Ойынқұмарлық Лудомония» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты – Оқушыларға лудомонияның (ойынға тәуелділік) мәнін түсіндіру, оның адам психикасына, денсаулығына және әлеуметтік өміріне тигізетін зиянын ұғындыру, қауіпті мінез-құлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.02.2026жыл тәлімгер Н.Сералының ұйымдастыруымен “Адалдық адамға не үшін қажет?”тақырыбында еріктілер клубымен сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты-оқушыларға адалдық,шыншылдық құндылықтары туралы түсінік беру,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
“Ергөбек негізгі орта мектеп” базасында “Қарасөз-қазынасы” үйірме жетекшісі Ж.Абуованың ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету, отансүйгіштікке, елін қорғауға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында Ауған соғысы туралы тарихи деректер айтылып, ардагерлердің өмір жолы мен ерлігі туралы сөз қозғалды. Оқушылар тарапынан патриоттық өлеңдер оқылып, әскери-патриоттық әндер орындалды. Сонымен қатар, соғыс ардагерлерінің естеліктері тыңдалып, олармен сұхбат ұйымдастырылды.
Іс-шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып, Отан алдындағы борыш, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруға бағытталды. Қатысушылар ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына сай, тәлімгер Н.Сералының ұйымдастыруымен “Әлеуметтік желілер қоғамды біріктіре ме?әлде бөлшектей ме?”- тақырыбында пікір сайыс өтті. Сайыс барысында Жақтаушы топ-әлеуметтік желі қоғамды біріктіреді. Себебі қазіргі заманда адамдар бір-бірімен жылдам байланыс орната алады. Қоғамдық мәселелер көтеріліп, адамдар бір мақсатта бірігіп әрекет етеді. Сондықтан әлеуметтік желілер – қоғамды жақындастыратын маңызды құрал деп есептейді
Даттаушы топ-әлеуметтік желілер қоғамды бөлшектейді. Себебі адамдар тірі қарым-қатынастың орнына виртуалды әлемге тәуелді болып барады. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде жалған ақпарат көп таралады, ол адамдар арасында түсінбеушілік пен жанжал тудыратындығын айтты.