

Отырар аудандық білім бөлімінің 03.09.2026ж 184 бұйрығына сәйкес,жылғы Тілдер мерекесіне орай Ергөбек негізгі орта мектебінің "Парасат"бірлестігі бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Арын Гүлдинаның ұйымдастыруымен "Сұлу сөздің өрнегі"атты әдеби кеш өтті.Кештің мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөздің қадірін ұғындыру,әдеби шығармаларды насихаттау.Кеш барысында оқушылар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ақын жазушыларымыздың баға жетпес жырларынан өлеңдерді жатқа айтты.Сөз қадірін сезіндіретін құндылықтарымыз мақал мәтелдермен кеш соңын қорытындылады.Халық даналығын арқау етіп, ана тілімізді қадірлеудің белгісі екендігін көрсетіп рухани әсер қалдырды.











Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек негізгі орта мектеп”КММ-нің 6 - сынып оқушыларымен 04.09.2026 жыл 5 қыркүйек - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тұған күні және Қазақстан Халқының тілдер күніне орай “Тіл- достықтың дәнекері” тақырыбында сайыс сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру,тілге деген құрметін арттыру. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру,ғалымның қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау. Іс- шара барысында оқушыларға видео роликтер көрсетілді. Қазақ тілінің ұлт өміріндегі маңызы, тілдің халықтың тарихы мен мәдениетін сақтаудағы рөлі туралы мағлұмат берілді. Сайыс сабақ 4 бөлімнен құралып, оқушылар ойындарға қатысып өз білімдерін ортаға салды.























Ергебек негізгі орта мектебінде "Білім негізі- бастауышта" атты айлық іс-шарасының өтілуіне орай 2-сыныпта математика пәнінен «Тиімді есептеу тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты Құдайбергенова М жүргізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға қосу мен көбейтудің қасиеттерін тиімді қолдана отырып, есептерді дұрыс әрі жылдам шығару дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар әртүрлі есептеу тәсілдерін салыстырып, тиімді жолдарын анықтады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріліп, олар өрнектердің мәнін табу, салыстыру және теңдеулер құру жұмыстарын орындады. Сонымен қатар, ойын элементтері қолданылып, оқушылардың қызығушылығы артты.
Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз ойларын білдірді. Қорытындылай келе, сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылар тиімді есептеу тәсілдерін меңгерді.
“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәлімгері Н.Сералының ұйымдастыруымен «Бір тартып көрудің зияны жоқ?» – дұрыс па, бұрыс па? тақырыбында дебат болып өтті.
Бүгінгі күні жастар арасында жиі айтылатын осы бір сөздің астарында қандай шындық жатыр? Бір рет байқап көру шынымен қауіпсіз бе, әлде бұл үлкен қателіктің бастауы ма?
Қатысушылар осы өзекті тақырыпты жан-жақты талқылап, өз пікірлерін дәлелдермен қорғады. Бір тарап «бір реттен ештеңе болмайды» деген ойды алға тартса, екінші тарап оның адам өміріне тигізер зиянын нақты мысалдармен көрсетті.
Түркістан облысы,
Отырар ауданы
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-нің 06.04.2026 жылы оқушылар арасында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу тақырыбындағы кездесу өтті.
Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:
1. «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық және нашақорлық, әлімжеттік іс-әрекетінің профилактикасы лудомания мен буллинг зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары туралы»
Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ-нің полиция аға лейтенанты: Н. Төлеген
6-9 сынып оқушыларының қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық, белгіленбеген жерлерге Суға түсуге болмайтындығы, жол көлік қауіпсіздігін сақтау, көлік, мопед, скутер айдауға болмайтыны, “Буллинг пен кибербуллинг”, «Нашақорлық», «Алаяқтық» қылмысының алдын алудағы тақырыбындағы қысқаша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп бейне ролик көрсетіліп баяндама оқылды.
«Буллинг, Кибербуллинг, Әлімжеттік», тақырыбына келетін болсақ буллингтің басты ерекшелігі ол кездейсоқ бір реніш емес, қайталанатын, әдейі жасалатын қысым. Оның мақсаты жәбірленушіні қорқытып, өзіне бағындыру немесе төмендету. Қысқаша айтқанда, буллинг бұл қорқыту арқылы үстемдік жүргізу. Қазіргі уақытта бұл жаман індет жастардың ортасында әсіресе, мектеп оқушыларында белең алған.
Кибербуллинг адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпай қалатындығы жөнінде айта өтті.
Облыстық білім басқармасының 2026 жылғы №25/1235 хатына сәйкес, “Ергөбек” негізгі орта мектебінде көктемгі каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1-9 сынып оқушылары және мұғалімдердің қатысуымен түсіндіру жиналысы өткізілді.
ұйымдастырылған жиналыста көктем мезгілінде орын алуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиналыс барысында: – балалардың терезеден құлауының алдын алу;
– жол-көлік оқиғаларынан сақтану;
– көміртегі тұтығымен уланудың алдын алу;
– жауын-шашын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау;
– түнгі уақытта ата-анасының (заңды өкілінің) рұқсатынсыз бей-берекет жүрудің алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Ораза айында «Қадір түні», «Тарауих намазы», «Жарапазан» кезінде кешкі мезгілде балалардың бей берекет жүруіне жол бермеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мектебіміз үшін әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі – басты назарда!