Тіліңізді таңдаңыз

Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!

Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге! 🌷
Ұстаздар күні мерекесіне орай саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнап, шәкірт жүрегінен ерекше орын алған ардагер ұстаздарымыздың шаңырағына арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегімізді білдірдік.
Мектебімізде ұзақ жылдар бойы басшылық қызметін абыроймен атқарып, білім ордасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Әбіш Ұлту апайымыз – ұлағатты ұстаз ғана емес, талай педагогке бағыт-бағдар берген білікті басшы, өнегелі жан.
Ал сан шәкіртке сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріп, ұстаздық жолда өшпес із қалдырған Әлімбек Гүлсара апайымыздың еңбегі мен шәкірттеріне деген ыстық ықыласы әрдайым құрметке лайық.
Ардақты Ұлту апай мен Гүлсара апай! Сіздердің ұстаздық жолдағы еселі еңбектеріңіз – кейінгі буынға үлгі, шәкірттеріңізге мәңгілік өнеге. Сіздер жаққан білім шырағы талай ұрпақтың жолын жарық етіп келеді.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметіне бөленіп, мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын!
💐 Ұстаздар күні құтты болсын! Ұстаз мәртебесі әрдайым биік, абыройы асқақ болғай!
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Возможно, это изображение один или несколько человек