Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс
Featured

"ПРОФИ ТІМЕ: Мамандықтар әлемінде"

Түркістан облысы

Отырар ауданы

"Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 9-сынып оқушыларына мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогы Өмірбай Динараның ұйымдастыруымен "ПРОФИ ТІМЕ: Мамандықтар әлемінде" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.Іс шара барысында оқушыларға мамандық туралы мәліметтер беріп, қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылатыны туралы айтылды,Қазақстандағы сұранысы жоғары 10 мамандықпен оқушыларды таныстырды. Соңынан мамандық таңдауға байланысты сауалнама алынып, соңында мамандық таңдауда жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауларыңызға тілектестігін білдіріп, қорытынды жасалды.