2024 жылдың 19 қараша күні «Ергөбек негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар және мұғалімдердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау» тақырыбында оқу жаттығу өткізілді.
«Ергөбек негізгі орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесінде азаматтық қорғаныс штаб бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 19 қараша күні «Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар және мұғалімдердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау» тақырыбында жаттығу өткізілді. Жаттығуға барлығы 140 адам қатыстырылды.
Негізгі жүргізілген іс- шаралар:
- дабыл берілген уақыттан кейінгі оқушылардың қауіпсіз аймаққа уақытында шығарылуын штаб құрамы бақылап, сапқа тұрғызды;
- сыныптар толық сапқа тұрғызылып, азаматтық штаб мүшелерінің бақылау нәтижесі негізінде жер сілкінісі кезіндегі оқушылар мен мұғалімдердің іс-әректінің қорытындысы баяндалды.
- сапта «Жер сілкінісі кезіндегі оқушылардың, мұғалімдердің қорғану іс- әрекеті» тақырыбында көрнекі түрде жаттығу көрсетілді.