Түркістан облысы. Отырар ауданы. «Ергөбек негізгі орта мектеп» КММ -де, оқушылардың қатысуымен жиын өткізілді. Жиын барысында жеңімпаздарымызды құттықтау үшін мектеп директоры К. Алипбеков пен Белбеу күресінен әлемнің 3 дүркін жеңімпазы Еңбек сіңірген спорт шебері Тұрмаханбет Қалмұхан Ғалымжанұлына сөз кезегі берілді. Өз сөзінде әрбір жас азаматының жан-жақты дамуын, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие алуын көздейді. Бүгінгі жетістіктеріңіз – осы құндылықтарды бойға сіңіріп, біліммен, тәрбиемен және табандылықпен ұштасқан қажырлы еңбектің жемісі деп, Республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда жоғары көрсеткішке жетіп, ауданымыздың спорт саласының дамуына қосқан үлесі үшін мектебіміздің оқушылары Жасұзақ Рауан, Сейілқұл Олжас, Жасұзақ Айаруды марапаттап, ақшалай сыйлық табыс етілді.