“ Ергөбек” негізгі орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жоспарына сәйкес 5-9 сынып қыздары арасында жалпы қыздар жиналысы өткізілді. Қыздар жиналысына қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог, ұйымдастырушы педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты. Оқушыларға мектеп ережесі, әдеп, тәртіп, үлкенге құрмет көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.