Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Жүргіншілер қауіпсіздігі"

“ Ергөбек” негізгі орта мектебінің 1 - сынып жетекшісі Құдайбрегенова Мақпал “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жоспарына сай "Жүргіншілер қауіпсіздігі" атты қауіпсіздік сабағында балалар жолда жүру ережелерімен таныстырды. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы білді. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде,жолда жүру ережесін бұзбау керек екенін түсінді. Сонымен қатар бағдаршамның қызметімен де танысты. Жол белгілерін айыра білу , көше жағдайындағы жол кеңістікті бағдарлай білуді түсіндірді.