ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Отырар ауданы “Ергөбек негізгі орта мектеп“ коммуналдық мемлекеттік мекемесінде отыз бес жылға жуық ғибратты ғұмырын білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз Есжан Серік Әждарұлының 63 жасқа толуына арналған жиын өтті. Жиынды мектеп директоры Алипбеков Кембай құттықтау сөзімен ашып, бар ғұмырын балаларға арнап, бүгінгідей салтанатты күнге жеткен қуаныш екендігін айта келе , зейнеткерге алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасына амандық тіледі. Сонымен қатар Есжан Серік Әждарұлына мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Койбахова Кулайхан жүрекжарды тілектерін айтып, ағайымыздың білім саласындағы қажырлы еңбегіне тоқталып, жастарға үлгі болатын осындай жанға алғысын білдіріп, иығына шапан жапты. Есжан Серік Әждарұлы ағайымыздың сыныптас достары және алғаш 1993жылы Ергөбек мектебін бітіруші түлектер ағайымыздың шәкірттері келіп, тілектерін айтып, иығына шапан жауып сый құрметтерін білдірді. Өз кезегінде Серік ағайымыз ұжымның ыстық ықыласына риза болып, алғысын айтты.