“Ергөбек” негізгі орта мектебінде 20.11.2024 жылы “Тоғызқұмалақ” үйірме жетекшісі Зарлыханов Беріктің ұйымдастыруымен “Тоғызқұмалақ dey” тақырыбында сайыс сабақ өткізді.
Мақсаты: Тоғызқұмалақ ойынын кеңінен насихаттау, оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойыншылардың шеберлерін шыңдау және үздік ойыншыларды анықтау.
Ойын ережесіне сай ойын ойнатылып, жылдамдық пен шапшандық танытқан оқушылар жеңіске жетті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бейсенгір қорытындылап, жеңіске жеткен оқушыларды марапаттады.