5 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай қыркүйек айының 04-14 аралығында Отырар аудандық білім бөлімінің 03.09.2026 ж 184 бұйрығына сәйкес, “Ергөбек” ном "Парасат "тілдер бірлестігі бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мамахова Гүлмираның ұйымдастыруымен "Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына " арналған танымдық әдеби кеш өтті. Кештің мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ағартушысы, аудармашы, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.Кеш барысында оқушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары мен білімді,ана тілімізді қалыптастырудағы еткен еңбектерін кеңінен айтып өтті.Кеш соңын "Ана тілім" әнімен қорытындылап, "Тіл -халықтың рухани тірегі , тілімізді дәріптеу ұлттың айқын көрінісі екендігі атап айтылды.







