Ергебек негізгі орта мектебінде "Білім негізі- бастауышта" атты айлық іс-шарасының өтілуіне орай 2-сыныпта математика пәнінен «Тиімді есептеу тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты Құдайбергенова М жүргізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға қосу мен көбейтудің қасиеттерін тиімді қолдана отырып, есептерді дұрыс әрі жылдам шығару дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар әртүрлі есептеу тәсілдерін салыстырып, тиімді жолдарын анықтады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріліп, олар өрнектердің мәнін табу, салыстыру және теңдеулер құру жұмыстарын орындады. Сонымен қатар, ойын элементтері қолданылып, оқушылардың қызығушылығы артты.
Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз ойларын білдірді. Қорытындылай келе, сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылар тиімді есептеу тәсілдерін меңгерді.





