025 жылдың 30 сәуірінде Отырар ауданы, "Ергөбек негізгі орта мектеп" КММ-де 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мектеп ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылып, шөптер шабылып, көгалдар ретке келтірілді. “Өзін- өзі басқару ұйым” мүшелері туған өлкенің тазалығына үлес қосып, қоршаған ортаны аялаудың үлгісін көрсетті.
Бірлік бар жерде – береке бар!
Таза табиғат – ұлт болашағының кепілі! Берекелі бірлігімізбен туған жерімізді көркейте берейік!