Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты “Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ- 2024 жылдың 13 желтоқсанында, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, 4- сынып жетекшісі Жүнісбаева Перизат “Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім” атты тәрбе сағатын ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа еліміздің тәуелсіздігі мен оның маңызы туралы білім беру, патриоттық сезімді ояту және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту.
оқушылары Тәуелсіздіктің тарихын, еліміздің жеткен жетістіктерін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тақырыптарды қозғап, еліміздің еркіндік жолындағы батырлар мен тарихи тұлғаларды еске алды. Оқушылар әндер айтып, өлеңдер оқып, қазақтың тәуелсіздігі жолындағы ұлы мұраттар мен күрестер жайлы театрландырылған қойылымдар ұсынды.
Бұл іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, тәуелсіздік күнін тойлаудың маңыздылығын ұғындырды.