«ЖАС ҰЛАН»,«ЖАС ҚЫРАН»
САЛТАНАТТЫ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
13 желтоқсан 2024 жылы "16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай "Тәуелсіздік-тұғырым" атты он күндік іс-шара жоспары негізінде "Жас Қыран" мен "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының жаңа мүшелерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.
Шара барысында жасөспірімдер өз Отанына адал, білімге құштар, ұлтжанды азамат болуға ант берді. Балалардың жүректерінен төгілген патриоттық рух пен жауапкершілік сөздері залға ерекше әсер сыйлады.
Ұйымдастырушы тәлімгер Байтасова Гүлдархан бұл салтанатты жиынның жоғары деңгейде өтуіне жетекшілік етіп, болашақ ұрпақтың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға үлес қосты.
Тәуелсіз елдің жас ұландары – болашақтың тірегі!
#ТәуелсіздікКүні33 #ЖасҰлан #ЖасҚыран #ПатриоттықТәрбие #ТәуелсіздікТұғырым