Түркістан облысы, Отырар ауданы. "Ергөбек" негізгі орта мектебінде "Өнерлі ұрпақ - кемел болашақ!" тақырыбында үйірменің айлық жоспарына сай, "Тәуелсіздік мәңгі болсын тұғырың" тақырыбында "Дебат" үйірме жетекшісі Абуова Жанна пікірсайыс ұйымдастырып өтті.
Пікірсайыс Америкалық парламенттік форматта өтілді.
Бұл палата ҚР қайырымдылық қорларына оң баға береді.
Бұл палата әлеуметтік желілер әкелетін зиян пайдасынан гөрі басым деп санайды.
Бұл палата Ұлттық бірыңғай тестілеуді сақтап қалады. Тақырыптарында өз ойларын дәлелдеп шықты.
Өз ойларын ұтымды түрде дәлелді пікірлерді келтіре білген "Болашақ" тобы І орынмен, "Жалын" тобы ІІ орынмен марапатталды.





