Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Тұрмыстық зорлық -зомбылықтың алдын-алу”

“Ергөбек” негізгі орта мектебінде мұғалімдер мен кіші қызметкерлердің қатысуымен жиын өткізілді.

Жиын барысында Отырар АПБ ЖПҚ ОТЗЗКТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты З.Надирова “Тұрмыстық зорлық -зомбылықтың алдын-алу” тақырыбында баяндама жасап, түсіндіру жұмысын жүргізді. Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Ерденова Динара интернет алаяқтық туралы баяндама оқыды. Отырар АПБ ЖПҚ УПИ полиция капитаны Н.Қасымов түсіндіру жұмысын жүргізді.

Интернет-алаяқтық бойынша аудан көлемінде орын алған фактілеріне тоқталып, оның жиі кездесетін түрлерімен таныстырды.

Интернеттегі алаяқтық түрлеріне фишинг, картамен алаяқтық, кибер бопсалау және т.б. жатады. Алаяқтар жалған электрондық пошталарды, веб-сайттарды және әлеуметтік желілерді қолданатын қаржылыық ұйымдар мен жеке тұлғалар ретінде немесе арнайы құқық қорғау органының қызметкері ретінде өзін таныстырып, қажетті мағлұматтарға қол жеткізетінін айтып өтті. Қазақстанда қаржылық алаяқтық пен киберқылмыспен байланысты көптеп интернет-алаяқтық фактілері тіркеліп жатыр. Дегенмен, көптеген алаяқтық жағдайлары тиісті орындарға хабарланбайды, сондықтан нақты сандары белгісіз. Өзіңізді онлайн алаяқтықтан қорғау үшін жеке ақпаратты беру кезінде абай болу, күдікті электрондық пошталар мен сілтемелерді ашпау, сенімді антивирустық бағдарламалық құралды пайдалану және қаржылық транзакцияларыңызды жүйелі түрде тексеру маңызды.

Сондықтан да интернет-алаяқтық туралы сауаттылық және алаяқтық туралы хабардар болу да онлайн алаяқтардан қорғауда маңызды рөл атқаратынын еске салды.