Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Смарт бала – өнертапқыштыққа бір қадам» жобасы аясында “

“Ергөбек негізгі орта мектеп” мемлекеттік мекемесінде «Смарт бала – өнертапқыштыққа бір қадам» жобасы аясында “Компьютерлік сауаттылық” үйірме жетекшісі Р.Норманованың ұйымдастыруымен іс-шара болып өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру, инновациялық идеяларға қызығушылығын арттыру және өнертапқыштыққа бағыттау.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің идеяларын ұсынып, түрлі шығармашылық тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындады. Оқушылар заманауи технология элементтерін пайдалана отырып, өз жобаларын қорғап, топтық және жеке жұмыстар арқылы белсенділік танытты.

Іс-шара оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, өз ойларын еркін жеткізуге, жаңа идеялар ұсынуға мүмкіндік берді. Жоба өз мақсатына толықтай жетіп, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болды.