Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

« Салауатты отбасы – ел болашағының кепілі»

Түркістан облысы

Отырар ауданы

“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-нің әлеуметтік педагог Жанзақова Айткүл « Салауатты отбасы – ел болашағының кепілі» тақырыбында отбасылық сайыс өтті.

«Денсаулық – зор байлық» дейді дана халқымыз. Ал сол байлықтың бастауы – салауатты өмір салты мен отбасынан алған тәрбие екені даусыз. Жақында мектебімізде ата-аналар мен оқушылардың арасындағы байланысты нығайту, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Салауаттан бастау алған денсаулықпен бақытқа ие болған» атты мерекелік отбасылық сайыс жоғары деңгейде өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, «Мектеп – оқушы – ата-ана» үштігінің ынтымақтастығын арттыру. Шараның ашылу салтанатында мектеп әкімшілігі сөз сөйлеп, қатысушы отбасыларға сәт сапар тіледі.

Сайыс барысында қатысушылар бірнеше тартысты кезеңдер бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда:

«Таныстыру» бөлімінде отбасылар өздерінің ұрандары мен топтық ерекшеліктерін паш етті.

«Көңілді эстафета» мен «Кім жылдам?» кезеңдерінде аналардың жылдамдығы мен балалардың белсенділігі сынға түсті.

Әрбір отбасы жеңіске деген құштарлығымен, ауызбіршілігімен және спорттық дайындығымен ерекшеленді. Жарыс соңында төрешілер алқасының шешімімен ең жүйрік әрі ұйымшыл отбасылар анықталып, сыйлықтармен марапатталды.

«Бүгінгі сайыс бізге ерекше көңіл-күй сыйлады. Балаларымызбен бірге спорттық жарысқа қатысу арқылы олардың бойындағы жеңіске деген жігерді көрдік. Мұндай іс-шаралар отбасының бірлігін бекемдей түседі», – дейді сайысқа қатысушы ата-аналардың бірі.

Қорыта айтқанда, «Салауаттан бастау алған денсаулықпен бақытқа ие болған» сайысы тек спорттық жарыс қана емес, үлкен тәрбиелік мәні бар кездесу болды.

Дені сау ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Салауаттылықты серік еткен отбасылардың қатары көбейе берсін!