Тіліңізді таңдаңыз

Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Сақшы» интерактивті ойыны

Түркістан облысы
Отырар ауданы
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ-і
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–9 сынып оқушылары арасында «Сақшы» интерактивті ойыны өткізілді.
Ойын мазмұны білім алушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген интерактивті оқу модульдері ұсынылған. Атап айтқанда, 1-4 сынып оқушыларына - “Ақылды сақшы”, 5-9 сынып оқушыларына - “Жеңіл ақша” ойындары арналған.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтан сақтану, интернеттегі қауіптерді ажырату, жеке және банк деректерін қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен қатар, ойын барысында оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қауіпсіз әрі жауапты шешім қабылдау туралы түсініктер берілді.
Оқушылар ойын форматындағы тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынап, күнделікті өмірде кездесетін қаржылық және құқықтық қауіптердің алдын алу жолдарын меңгерді.
Заңды құрметтеу – тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғамның негізі!
Возможно, это изображение учеба, стол и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка и текст