Түркістан облысы
Отырар ауданы
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ
9 ақпан ақиық ақын М. Мақатаевтың туылған күніне орай педагог ұйымдастырушы Н. Садуахас пен кітапханашы Ж.Байысбаеваның ұйымдастыруымен “ Поэзия әлемінің дара тұлғасы -М.Мақатаев “ тақырыбында әдеби кеш болып өтті.
Мақсаты: ақиық ақынның шығармаларын оқушыларға ұғындыру.Әдеби кеште оқушылар ақынның поэмаларын жатқа айтты. “Аққулар ұйықтағанда” поэмасынан көрініс құрды. Әдеби кеш ару қыздарымыздың “Күй шашу”биімен жалғасты. Әдеби кеш соңы ақынның сөзіне жазылған “ Бақыт деген” әнімен аяқталды.