Отырар ауданында «Ашық есік күндері» акциясы өтуде
Тркістан облысы полиция департаментінің нұсқауына сәйкес 24-28 ақпан аралығында өткізіліп жатқан"Ашық есікті күндері" акциясына сәйкес “Ергөбек” негізгі орта мектепте Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция лейтенанты Төлеген Нұржан Тәлімбетұлы ұстаздар мен 6-9 сынып оқушыларына жиын өткізді. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің, нашақорлық және алаяқтықтың зияны туралы маңызды тақырыптар талқыланды.
Құқық бұзушылық – бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі.
Нашақорлық — адам өмірін, денсаулығын және болашағын бұзатын қауіпті әдет. Ол жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл қоғамның болашағына қауіп төндіреді. Нашақорлыққа ұрынған адам, алдымен өз денсаулығын зардапқа ұшыратады, кейін оның психологиялық жағдайы бұзылып, әлеуметтік ортадан алшақтап, адамдармен араласуы қиындатады. Сонымен қатар, нашақорлар заңсыз әрекеттерге барады, қылмыстарға қатысуы мүмкін.
“Нашақорлыққа жол жоқ” деген сөздер — бұл қоғамда нашақорлықтың алдын алу, жастарға зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттау үшін айтылған ескерту. Әр адам өзінің денсаулығын бағалап, осындай зиянды әдеттерден сақтануы керек. Нашақорлықтың алдын алу үшін дұрыс тәрбие, білім, спортпен шұғылдану, рухани байлықты арттыру маңызды.
Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үлес қосады!