«Ергөбек негізгі орта мектеп» базасында «Шебер қолдар» қыздар үйірмесінің жетекшісі Б.Спаеваның ұйымдастыруымен «Он саусағы майысқан шебер болар ма екенбіз?» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және еңбекке баулу.
Іс-шараның барысы:
«Он саусағы майысқан шебер болар ма екенбіз?» тақырыбындағы іс-шара 7-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Шара барысында қазақ халқының қолөнерінің тарихы мен маңызы туралы мағлұмат берілді. Оқушылар қолөнерге байланысты мақал-мәтелдер айтып, өнер туралы ойларымен бөлісті.
Іс-шара аясында оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын таныстырып, олардың жасалу жолын түсіндірді.





