Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек” негізгі орта мектебінің Спорт үйірме жетекшісі Зарлыханов Беріктің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында спорттық шара өтілді.
“Нашақорлық - қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Қазіргі таңда бұндай індет пен қоғам болып күресіп, жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бұндай шараның маңыздылығы ерекше. Бүгінде мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бөлігі жастарды жан-жақты қолдап, еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпаққа аса сенім артуда. Сондықтан да біз бұл дерттің өршуіне жол бермеу Салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырылатын шара болып өтті.