Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Минералды тыңайтқыштар »

Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Ергөбек негізгі орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 27.02.2025 жылы 9 -сынып оқушыларымен химия пәнінің мұғалімі Жаппарбекова Қырмызы «Минералды тыңайтқыштар » тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: Минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді айтады.

Психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, үш топқа біріктірді.

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Шаңырақ астында » әдісі арқылы сұралды. Жаңа сабақты жұмбақ жасыру арқылы түсіндірілді. «Елші әдісі» арқылы топтық жұмыс, ребус шешу арқылы жұптық жұмыс және жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест тапсырмалары жүргізілді. Білім шыңына шыққан оқушы әдістері арқылы оқушылар бағаланды. Сабақ өз деңгейінде жақсы өтті.