“Ергөбек негізгі орта мектеп” мемлекеттік мекемесінде “ Жас мамандар” апталығы аясында үйірме жетекшісі Сейдазимова Мақпалдың ұйымдастыруымен «Менің кішкентай өнерім» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, өз таланты мен шеберлігін көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік беру.
Шара барысында оқушылар қолөнер бұйымдарын таныстырып, өз жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар, түрлі тапсырмалар, сұрақ-жауап кезеңі және шығармашылық сайыс ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің кішкентай болса да ерекше өнерлерін көрсете білді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор болды. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығы артып, шығармашылық белсенділігі байқалды.
Апталық аясында өткен бұл шара жас маманның ізденімпаздығын, жауапкершілігін және кәсіби шеберлігін көрсетті.





