«Ергөбек негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылардың “Өзін-өзі басқару” ұйымының жұмысын жандандыру, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жауапкершілігін арттыру және мектеп өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру мақсатында мектепішілік Президент сайлауы өткізілді.
Сайлау барысында мектеп Президенттігіне үміткерлер өздерінің бағдарламаларын ұсынып, алға қойған мақсаттары мен жоспарларын таныстырды. Оқушылар үміткерлердің бағдарламаларымен танысып, өз таңдауларын жасап, дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Бірлік пен белсенділік — жарқын болашақтың негізі!