Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Мектеп формасын сақтамаған оқушыға шара қолданған дұрыспа?”

“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Дебат” үйірме жетекшісі Г.Арынның ұйымдастыруымен “Мектеп формасын сақтамаған оқушыға шара қолданған дұрыспа?” тақырыбында сайыс ұйымдастырды.

🔹 «Жақтаушы топ»

Мектеп формасын сақтау – тәртіп пен теңдіктің белгісі екенін атап өтті.

Форма оқушылар арасындағы әлеуметтік айырмашылықты азайтып, оқу процесіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейтінін дәлелдеді.

Форма сақталмаған жағдайда белгілі бір шара қолдану дұрыс деп есептейді.

🔹 «Қарсы топ»

Оқушының жеке пікірін, еркіндігін ескеру керектігін айтты.

Форма сақтамағаны үшін қатаң шара қолдану баланың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартты.

Түсіндіру, ескерту арқылы шешкен дұрыс деген пікір білдірді.