МҰХТАР ӘУЕЗОВ – ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТТЫҢ БИІК ШЫҢЫ.
“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сынып жетекші Ж.Полатованың ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына берілген «Кісі атауы» жобасы аясында «Мұхтар Әуезов – ұлттық руханияттың биік шыңы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 14 оқушы қатысты. Бүгін – ұлы жазушы, әлемдік деңгейдегі суреткер, ойшыл Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күні!
Дөңгелек үстел барысында оқушыларымыз:
Ұлы суреткердің өмірі мен шығармашылық жолына терең бойлап;
Абай әлемін әлемге танытқан алып тұлғаның ұлттық әдебиет пен руханиятқа қосқан ұшан-теңіз үлесін талқылады. Жазушының сөз өнеріндегі дара қолтаңбасы мен артына қалдырған асыл мұрасын дәріптеді.
Ұлттық болмысымыздың темекілі қазынасын түгендеп, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен кітапқа деген сүйіспеншілікті ұялату – басты мақсатымыз.
Ұлымызды ұлықтап, асылымызды ардақтай білейік! Руханият шыңындағы алып тұлғаларымыздың есімі әрдайым жас ұрпақ жадында жаңғыра бермек.









