“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14.01.2026 жылы спорттық үйірме жетекшілері Қ.Тімет пен Қ.Тұрлыбектің ұйымдастыруымен спорттық жарыс болып өтті.
Тақырыбы:«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
Форматы:Спорттық жарыс
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау арқылы оқушылардың бойында отансүйгіштік, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтына баулу, дене дайындығын арттыру.
Өткізілу барысы:
Іс-шараға 4–7сынып оқушылары қатысты. Әр команда өз білімін, ептілігін, күшін, шапшаңдығын көрсетті.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған бұл шара оқушыларға қызықты әрі пайдалы болды.
Іс-шара ұлттық ойындардың маңызын арттыруға, оқушылардың дене тәрбиесіне және мәдени мұраны құрметтеуге зор ықпал етті.





