Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны"

Түркістан облысы, Отырар ауданы, “Ергөбек” негізгі орта мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарлама жоспарына сай, "Ұшқыр ой" дебат клубының жетекшісі Абуова Жаннаның ұйымдастыруымен "Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны" тақырыбында мектепішілік дебаты сайыс түрінде өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды еркін сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге, өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу. Қарсы пікірдегі оқушылардың қойылған мәселелерді жан-жақты қарап, шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру. Іс -шара соңында белсенділік танытқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.