Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Әлеуметтік желілер қоғамды біріктіре ме?әлде бөлшектей ме?”

“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына сай, тәлімгер Н.Сералының ұйымдастыруымен “Әлеуметтік желілер қоғамды біріктіре ме?әлде бөлшектей ме?”- тақырыбында пікір сайыс өтті. Сайыс барысында Жақтаушы топ-әлеуметтік желі қоғамды біріктіреді. Себебі қазіргі заманда адамдар бір-бірімен жылдам байланыс орната алады. Қоғамдық мәселелер көтеріліп, адамдар бір мақсатта бірігіп әрекет етеді. Сондықтан әлеуметтік желілер – қоғамды жақындастыратын маңызды құрал деп есептейді

Даттаушы топ-әлеуметтік желілер қоғамды бөлшектейді. Себебі адамдар тірі қарым-қатынастың орнына виртуалды әлемге тәуелді болып барады. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде жалған ақпарат көп таралады, ол адамдар арасында түсінбеушілік пен жанжал тудыратындығын айтты.