Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«ХУЛИНГАНКА» және «КІТАП БЕТ БЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» тақырыбындағы фильмдер — ОЙҒА ЖОЛ АШАТЫН КИНОТАЛҚЫЛАУ

🎬 «ХУЛИНГАНКА» және «КІТАП БЕТ БЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» тақырыбындағы фильмдер — ОЙҒА ЖОЛ АШАТЫН КИНОТАЛҚЫЛАУ

Мектебімізде 12 ақпан күні оқушыларға буллинг пен заңсыз әрекеттердің (закладчиктер мәселесі) алдын алу тақырыбында екі фильм көріп, мазмұнды талқылау өткізілді. Талқылау барысында сыни тұрғыдан ойлау элементтері қолданылып, оқушылар фильмнің негізгі идеясын терең түсінуге мүмкіндік алды.

📌 Фильм кейіпкерлерінің әрекеттері, өмірлік таңдауы мен оның салдары жан-жақты талданып, әр оқушы өз көзқарасын білдірді.

📌 Оқушылар буллингтің психологиялық зардаптары мен заңсыз әрекеттердің құқықтық жауапкершілігі туралы ой қозғап, нақты мысалдар келтірді.

📌 Ашық пікір алмасу барысында оқушылар өз ойларын дәлелдеуге, бірін-бірі тыңдауға және өзгенің пікірін құрметтеуге дағдыланды.

📌 Киноталқылау жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды түсінуіне ықпал етті.

Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өскелең ұрпақтың саналы, заңға құрметпен қарайтын тұлға болып қалыптасуына бағытталған.