Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

“ХХІ ғасыр көшбасшысы”

Түркістан облысы

Отырар ауданы

“Ергөбек негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылында “Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына” орай 8-9 сынып оқушылары арасында “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалдық сайысы болып өтті. Сайысқа төрт оқушы қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынасты. Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Сайыс жоғары деңгейде өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Кенебаев Әділ ағай сайыстың қорытындысы бойынша 9-сынып оқушысы ХХІ ғасыр көшбасшысы Жасұзақ Ерасылды мадақтады. Мектеп директоры К. Алипбеков сайысқа қатысушыларға мадақтамамен сыйлықтар табысталды.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы оқушылардың білімін жүйелеуге, шығармашылықпен ойлауына және қоғамдық ортада өз ойын сенімді жеткізуге оң әсерін тигізді.

Ұйымдастырушылар: ҚББП Полатова Жанна

Ұйымдастырушы педагог: Садуахас Назерке