Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Әке-отбасының тірегі”

“Ергөбек” негізгі орта мектебінде педагог ұйымдастырушы Н.Садуахастың ұйымдастыруымен “Әке-отбасының тірегі” атты әкелермен кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Әкенің отбасындағы, бала тәрбиесіндегі рөлін дәріптеу, насихаттау.

Ата-аналар комитетінің төрағасы Тасқараев Әділхан атамыз жас әкелерге өз кеңесін айтты.

мазмұнды ойлар айтылып, әкелермен ашық сұхбат ұйымдастырылды.

Оқушылар тарапынан әкелерге арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Әкелер арасында қызықты сұрақ-жауап, шағын сайыстар өткізілді. Кездесу барысында әкелер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы ойларын ортаға салды.