ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Ергөбек негізгі орта мектеп" КММ-нің білім алушыларына жолда жүру қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі,қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, төмендегідей қауіпсіздік шараларды сақтау ескертілді:
1. Жұқа және бекімеген мұз үстіне шығуға;
2. Мұздың үстіне топтасып жиналуға;
3. Мұздың үстіне от жағуға ;
4. Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
5.От шашу және жарылғыш заттарды қолдануға;
6. Түнгі уақытта ата-анасыз көшеде жалғыз жүруге тыйым салынады.
Құрметті ата-аналар ұл—қыздарыңыздың уақытын қайда және қалай өткізетініне назар аударуларыңызды сұранамыз.