Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Көне жиһаздар. Ағаш төсек жасау»

Көне жиһаздар – халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін асыл мұра.

Жолдасбекова Алма апайымыз бүгін 3-сынып оқушыларымен «Көне жиһаздар. Ағаш төсек жасау» тақырыбында,шығармашылық жұмысты орындау техникасын жетілдіру мақсатында өте қызықты әрі танымдық сабақ өтті.

Сабақ барысында оқушылар көне ағаш төсек түрлерімен танысып, олардың жасалу жолдары, қолданылған материалдар мен ұлттық ою-өрнектердің мағынасы туралы мағлұмат алды. Әр оқушы өз ойын еркін айтып, сұрақтарға белсенді жауап беріп, топтық жұмыстарға қызығушылықпен қатысты.

Балалар жұмыс істеу барысында өлшеу, салыстыру, ойлау, қиялдау дағдыларын дамытып, еңбекке ұқыптылық пен жауапкершіліктің маңызын түсінді. Сабақ өте әсерлі өтіп, оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жоғары деңгейде болды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін осындай сабақтар оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ата-баба мұрасына деген құрметін қалыптастырады