Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау”

Түркістан облысы

Отырар ауданы

"Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ 21.01.2026 жылы Отырар АПБ-нің КПБ жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Н.Төлеген, Отырар АПБ-і ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Б.Қапалбайұлы 6-9 сынып оқушылары арасында жиын өткізілді. Жиналыс барысында оқушылар арасында “Құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау” мақсатында Өрт қауіпсіздігі, мұз үстіндегі қауіпсіздік, түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу, суицид, нашақорлық, лудомония мен діни экстремизмдердің алдын алу туралы түсіндірілді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында әлімжеттілік, құмар ойындардың алдын алу қауіпсіздік қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын- алу және қоғамдық тәртіпті нығайту.

Сонымен қатар, мұз үстіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланып, жұқа мұзға шығудың қауіптілігі, балалардың қараусыз қалмауы, төтенше жағдайда әрекет ету тәртібі туралы кеңестер айтылды.

Жиын барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бейсенгір оқушыларға әлімжеттікті болдырмау, сақтық шараларын қатаң сақтау, қауіпті жағдайларды дер кезінде 102, 111 номерлеріне хабарласуды, жаяу жүргіншілердің міндеттері туралы, жолда жүру ережелерін және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.