Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» - демекші, 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай , “Ергөбек” негізгі орта мектептің 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара өтті. Педагог ұйымдастырушы Н.Садуахас ұйымдастыруымен өткен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шара барысында оқушылар ән айтып, жыр жолдарын жолдады.

Мақсаты: Баланы жастайынан үлкендерге, ата-аналарға құрметпен қарауға, егде жастағы адамдардың еңбегін ерекше құрметтеуге, аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен даналығын жастарға үлгі ету.

Қарттарымыздың бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен құттықтаймыз!