Тіліңізді таңдаңыз

Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қарттар спортта» – белсенді ұзақ өмір күні

«Қарттар спортта» – белсенді ұзақ өмір күні 🌿
Мақсаты: қарттардың дене белсенділігін қолдау, салауатты өмір салтын дәріптеу және белсенді өмір сүру мәдениетін насихаттау.
Мектебіміздің өсіп-өркендеуіне, жас ұрпақтың білім мен тәрбие алуына өзіндік үлесін қосқан ардақты зейнеткерлеріміз – Тиметов Нұртай ағай мен Әлібек Қалзия апайдың тоғызқұмалақ ойнап отырған сәті. ♟️
«Зейнет жасы – белсенді өмірдің аяқталуы емес,
Жаңа белес, жарқын күннің басталуы дер едік.
Қимыл барда – қуат бар, көңіл барда – шуақ бар,
Белсенді өмір – денсаулыққа салынған берік тұғыр, анық жол.
Жас – жүрекке өлшем емес, жігер болса бойыңда,
Шаттық пен күш қатар жүрер әрбір атқан таңыңда.
Ақыл, тәжірибе, өнеге – кейінгіге асыл мұра,
Ардагерлер аман болсын, ортамыздың сәні бола!» 🌷
Үлкенге құрмет – ұрпаққа өнеге. Ардақты зейнеткерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, көтеріңкі көңіл-күй мен белсенді өмір тілейміз! 🤲✨
 
Возможно, это изображение текст