Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қара металл деген не?»

Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Ергөбек негізгі орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24.02.2025 жылы 4 ә-сынып оқушыларымен жаратылыстану пәнінің мұғалімі Жолдасбекова Алмагүл «Қара металл деген не?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолданудың жолдары туралы және қасиеттері туралы түсінік беру.

Психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, топқа біріктірді:

1-топ “Болат” тобы

2-топ “Шойын” тобы

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Ашық микрофон» әдісі арқылы сұралды. Жаңа сабақты видео көрсету арқылы түсіндірілді. «Суретпен жұмыс» топтық жұмысы жүргізілді . Оқушыларды «Жарайсың, керемет, жақсы » әдісі арқылы бағалап отырды. «Қазақ биі» арқылы сергіту жаттығуын жасады. «Білім шамын жағу», «Супер құрт» әдістері арқылы кері байланыс алынды . Сабақ өз деңгейінде жақсы өтті.