Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қамқорлық»

«Ергөбек негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қамқоршылық кеңесінің» 2025-2026 оқу жылының I жарты жылдығындағы есеп беру жұмысы бойынша мектеп директоры К.Алипбеков таныстырды .Ата-аналар,сынып жетекшілер аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2025-2026 оқу жылында «Қамқорлық» акциясы барысында оқушылардың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалудың алдын алу,6-17 жас аралығындағы балаларға орта білім беруді қамтамасыз ету,аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен көп балалы отбасылардан және жартылай жетім және толық емес отбасы балаларға қолдау көрсету мақсатында мектебімізде мұхтаж балаларға материалдық көмек көрсету үшін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен,жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықты ұйымдастырылды.Әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету үшін мектеп форма, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын қамтамасыз етілгенін айтты.Сол себепті әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға көмек қолымызды созып,қажет заттарын алып беруге демеуші болған азаматтарымызға мектеп директоры К.Алипбеков «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің»- деген дана халқымыз «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без дегендей», қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, қолдан келген жәрдемді ұсынып, достық пейілдерін танытып келгендеріне үлкен ризашылығымызды білдіріп, көптен –көп рахмет айтып , сөзін аяқтады. Қамқоршылық кеңесінің I жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстар өз дәрежесінде өткізілді және жұмыс жоспарына сәйкес оқу жылы бойынша мектепке көмек көрсету жұмыстары жалғасын табылсындеп және де қамқоршылық кеңестің төрағасы М.Мамахов , ауыл қариясы Үсен ата, ұстаз Т.Абсатов шығып өз ойларымен бөлісіп, директордың жұмысына оң деген баға берді.