Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ғарышқа түрен салған қыран қазақ»

🚀 «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ» тақырыбында 3 а -сынып жетекшісі Н. Оспанқұлованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағатын өтті.

Ашық тәрбие сағаты барысында оқушыларға қазақ халқының ғарыш саласындағы жетістіктерін, Қазақстанның ғарышқа қосқан үлесін, сондай-ақ ғарышқа ұшқан қазақ азаматтарының ерліктерін таныстыратын және ұлттық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған іс-шара. Бұл тәрбие сағатының мақсаты – балалардың отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ғарыш саласында жеткен жетістіктер арқылы ұлттық мақтаныш сезімін ұялату.

🛰️

*Ашық тәрбие сағатының мақсаты:*

- Қазақстанның ғарыш тарихы мен ұлттық ғарыш саласындағы жетістіктерді оқушыларға таныстыру.

- Қазақ ғарышкерлерінің еңбектерін насихаттау.

- Оқушыларды елінің тарихы мен мәдениетіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

- Ғарыш ғылымы мен техникасына қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбие сағатының мазмұны:

- Ғарыш деген не?

- Ғарышкер деп кімді айтамыз?

- “Кім тапқыр” ойыны,

- “Асық таңдау” ойыны

- “Көлеңкесін тап” ойыны

- Топтық жұмыс жасау